ШАРТТАР МЕН ТАЛАПТАР
“Супер жүргізуші” науқаны
1. Промоутер – inDrive
2. Жарнамалық бәсекеге қатысу арқылы қатысушылар мен Жеңімпаздардың барлығы Промоутер түсіндіретін осы шарттар мен талаптарды орындауға келіседі, Промоутердің кез келген дауға қатысты шешімі түпкілікті әрі міндетті болады.
3. Промоутер жарнамалық бәсекені, соның ішінде осы шарттар мен талаптарды, сондай-ақ кез келген жүлделерді (әлі ұтысқа салынбаған) немесе осылардың кез келген қырларын кез келген уақытта ескертпестен, Промоутер қисынды түрде қажет деп санаған себептен түзету, өзгерту, ауыстыру, кейінге қалдыру, тоқтата тұру немесе күшін жою құқығын өзіне қалдырады.
4. Жарнамалық материалдардың (немесе цифрлық немесе қағазға басылған кез келген басқа ақпарат көздерінің) және осы шарттар мен талаптардың арасында айырмашылық болған жағдайда, осы шарттар мен талаптар басым болады.
5. Бұл конкурс – inDrive қолданбасын пайдаланушыларға арналған науқан, бұл лотерея немесе құмар ойын емес.
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
6. Жарнамалық бәсеке төменде аталғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және жеке басын куәландыратын жарамды құжаты бар 18 жастан асқан барлық қазақстандық азаматтар үшін ашық:
a. Промоутердің кез келген жұмыскері, директоры, лауазымды тұлғасы, қатысушысы, серіктесі, өкілі, кеңесшісі, жарнамалық агенттіктері, ақыл-кеңесшілері, дилерлері, жабдықтаушылары, үлестес кәсіпорындары және (немесе) еншілес компаниялары немесе Промоутерді және (немесе) жоғарыда аталған адамдардың отбасы мүшелерін тура немесе жанама түрде басқаратын немесе солардың тарапынан басқарылатын кез келген тұлға; және
b. Промоутердің кез келген жұмыскері, директоры, лауазымды тұлғасы, қатысушысы, серіктесі, өкілі, кеңесшісі, жарнамалық агенттіктері, ақыл-кеңесшілері, дилерлері, жеткізушілері, еншілес кәсіпорындары және (немесе) тәуелді компаниялары немесе Промоутерді және (немесе) жоғарыда аталған адамдардың отбасы мүшелерін тура немесе жанама түрде басқаратын немесе солардың тарапынан басқарылатын кез келген тұлға (бұдан әрі “Шеттетілген тұлғалар” деп аталады).
7. Осы жарнамалық бәсеке 2023 жылғы 16 наурызда сол күнгі сағат 12:00-ден бастап ашылады және 2023 жылғы 23 наурызда сағат (24:00-де (түн ортасы) аяқталады. Жабылатын күнге дейін немесе одан кейін алынған кез келген деректер қарастырылмайды.
8. Кіру үшін қатысушыдан төмендегілер талап етіледі:
1) тіркелген жүргізуші болу;
2) конкурсқа қатысу үшін баннерді шертіп, конкурсқа тіркелу қажет;
3) тіркелген кезде жеке куәлік нөмірін көрсету керек (немесе өтінімде ол автоматты түрде көрсетіледі);
*Жеке куәлігіңіздің нөмірін бүйір мәзірден - "менің тіркелгім" қойындысынан табуға болады
4) конкустың талаптарын оқып шығып, конкурстың шарттарын қабылдау керек;
5) содан кейін "қосылу" түймесін шерту керек.
6) тіркелуді аяқтағаннан кейін арнайы конкурс кезеңінде көрсетілген сапарлар санын орындау керек.
9. Жоғалған, кешіктірілген, бүлінген, көмескі, түсініксіз немесе қателері бар немесе осы шарттар мен талаптарға сай келмейтін деректер, сондай-ақ шеттетілген адамдардан алынған деректер жарамсыз деп танылады.
10. Промоутер қандай да бір себептен қатысуға кірмей қалған кез келген енгізілген дерек үшін жауапкершілік көтермейді.
11. Промоутер жарнамалық бәсекеге қатысуға және (немесе) жүлделерді табыстауға әсер ететін кез келген техникалық іркілістер үшін жауапкершілік көтермейді.
12. Қатысушы жарнамалық бәсекеге қатысу туралы өтінімді басқа ешкімнің емес, тек өзінің ғана атынан жіберетініне кепілдік береді.
13. Қатысушы жалған атты, жеке куәлікті немесе мекенжайды пайдалану шеттетілуіне әкелетінін, ал енгізілген деректің жарамсыз болып қалатынын түсінеді.
ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН НӘТИЖЕЛЕРДІ ХАБАРЛАУ
14. Жарнамалық науқанның жеңімпаздары төмендегідей жолмен айқындалады:
1) Конкурста жеңіп шығу үшін қалаңызда неше сапарды орындауға тиіс екеніңізді білуіңіз керек.
Сапарлар саны әр қалада әр түрлі болады.
Шымкент1-ші орын - 45 сапар KZT 3600 бонус шақа
2-ші орын - 40 - 44 сапар KZT 3200 бонус шақа
3-ші орын - 35 - 39 сапар KZT 2800 бонус шақа
Алматы:1-ші орын - 60 сапар KZT 6900 бонус шақа
2-ші орын - 55 - 59 сапар KZT 6300 бонус шақа
3-ші орын - 50 - 54 сапар KZT 5700 бонус шақа
Байсерке - 30 сапар KZT 3000 - талапты орындайтындардың барлығына
Талғар - 30 сапар KZT 3300 - талапты орындайтындардың барлығына
Шамалған (Үшқоңыр) - 25 сапар KZT 2500 - талапты орындайтындардың барлығына
Өскемен:1-ші орын - 45 сапар KZT 3800 бонус шақа
2-ші орын - 40 - 44 сапар KZT 3300 бонус шақа
3-ші орын - 35 - 39 сапар KZT 3000 бонус шақа
2) Жүргізушілер аталған сапарлар санын тек жарнамалық науқан кезінде ғана орындауға тиіс.
3) Егер сіз жарнамалық науқанның соңына қарай қажетті сапарлар санын орындамасаңыз, сіз жүлделер ұтысына автоматты түрде қатыспайтын боласыз.
4) Сондай-ақ, жеңімпаздар бірнешеу болуы мүмкін.
Мысалы: бірдей сапарлар санын – 45 сапарды (керек болғанына қарай) орындаған 4 жүргізуші болады делік.
Осы 4 жүргізуші жеңімпаз болып саналады да, барлық тексерістерден кейін олар өздерінің бонус шақаларын алады
15. Жүлделер төмендегідей жолмен табыс етіледі:
a. Жеңімпаз(дар) конкурс жабылған күні алынған деректерінің барлығы дұрыс болып шыққандардың ішінен іріктеледі.
b. Ұтыс ойындарында науқан барысында алынған, барлық Шарттарға сай келген барлық енгізілген деректер есепке алынады.
c. Егер келешек Жеңімпаз конкурсқа қатысу бойынша қойылатын талаптарға сай келмесе, онда жүлде алу құқығы жоғалады да, жүлде Шарттардың ережелеріне сәйкес іріктелген басқа Құқылы қатысушыға табысталады.
d. Конкурс өткізілетін қалалар:
Шымкент
Алматы
Байсерке
Талғар
Шамалған (Үшқоңыр)
Өскемен
16. Промоутер Жеңімпазды көпшілікке жария еткеннен кейін сол Жеңімпаздан Промоутердің тауарларын немесе көрсететін қызметтерін жазбаша қолдауды, насихаттауды және жарнамалауды сұрай алады, ол үшін Жеңімпаз ақы төлемейді немесе шығын шекпейді. Жеңімпаздан сондай-ақ жалпы хабар тарату немесе баспада жариялау мақсатында жария науқандарға қатысу сұратылуы міндетті, бірақ оны маркетингтік мақсатта фотосуретке түсіру үшін оның келісім беруі сұралады. Жеңімпаздардың барлығының да осындай өтінішті қабылдамауға құқығы бар.
17. Промоутердің/судьялардың шешімі түпкілікті болады да, оған ешқандай хат-хабар араластырылмайды.
ЖҮЛДЕЛЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
18. Жүлделер туралы мәліметтер:
a. Жеке тіркелгіде есепке жазылатын тиындар түріндегі бонустар, сондай-ақ супер жүргізуші деген мәртебені білдіретін "⚡️" белгішесі.
b. 1 шақа = 1 теңге
c. Бонустар күйіп кетуі мүмкін. Бонустарды пайдалану шарты – төленгеннен кейін 2 апта өткенде
d. "⚡️" мәртебесі 2 аптадан кейін жойылады
e. Бонустар сіздің шотыңызға салынады да, олар салынған кезде көрсетілген уақыт бойы оларды сақтауға болады. Содан кейін олар күйіп кетеді. Жеке шоттан бонустарды шығарып алу мүмкін емес. Бонустарды жұмсауға болады – 1 теңге жеке шотыңыздағы есептен алынады, қызмет ақысының қалған бөлігі бонустардан шегеріледі. Бұл бонустарды бір тапсырысты орындағаннан кейін пайдалануға болады.
19. Осы жарнамалық бәсекеге жазылудың жүлдені автоматты түрде алуға кепілдік бермейтінін ескеріңіз.
a. Промоутер құқылы бәсекелесушінің қызмет көрсетуші провайдерінің тарапынан байланыс қызметінің ақаулығы үшін жауапкершілік көтермейді.
b. Құқылы бәсекелесуші Бәсекеге қатысу үшін пайдаланылатын әлеуметтік желі тіркелгісінің иесі болуға тиіс.
20. Жүлделерді пайдалануға болады, қолма-қол ақшаға айырбасталмайды және басқаға берілмейді.
21. Егер Жеңімпаз қандай да бір себептен жарнамалық бәсекенің шарттары мен талаптарын орындаудан бас тартса немесе орындай алмаса, ондай Жеңімпаз жүлдеден бас тартқан болып саналады да, жүлде Промоутерге қайтарылады.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ
22. Барлық қатысушылар мен Жеңімпаздар жағдайдың қандай болуына қарай Промоутерді, оның жарнамалық агенттіктерін, кеңесшілерін, тағайындалған өкілдерін, жабдықтаушыларын, үлестес тұлғаларын және (немесе) еншілес компанияларын жарнамалық бәсекеден және (немесе) өздерінің оған қатысуынан (соның ішінде Промоутерлер тарапынан болған кез келген әрекеттің немесе әрекетсіздіктің, өрескел салдыр-салақтықтың, ақпаратты бұрмалаудың, теріс мінез-құлықтың немесе басқаша және (немесе) жүлдені пайдаланудың нәтижесінде) туындаған кез келген кінарат-талаптардан қорғауға кепілдік береді.
23. Промоутер немесе Промоутердің кез келген жұмыскері, директоры, лауазымды тұлғасы, қатысушысы, серіктесі, өкілі, кеңесшісі, жарнамалық агенттіктері, ақыл-кеңесшілері, дилерлері, жабдықтаушылары, үлестес тұлғалары және (немесе) еншілес компаниялары қатысушы қандай да бір себептен зиян шеккен болуы мүмкін тура, жанама, салдарлы немесе өзге де кез келген ысырап немесе залал үшін жауапкершілік көтермейді.
24. Промоутер өзінің осы шарттар мен талаптарға және Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін Жеңімпаздардың ақпаратты жария ету туралы және кінарат-талаптардан қорғау туралы келісімді толтыруын және жіберуін талап етеді.
25. Барлық Құқылы бәсекелестер мен Жеңімпаздар Промоутерді, оның директорларын, қызметкерлерін, мердігерлерін, жарнамалық агенттіктерін, кеңесшілерін, жабдықтаушылары мен өкілдерін төмендегілерден туындайтын кез келген тәуекелдерден, ысыраптан, кінарат-талаптардан немесе меншік иелігінен қорғауға тиіс:
a. жүлдені пайдалану немесе одан арылу, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, жазатайым оқиға, жарақат, зиян немесе ысырап;
b. олардың Бәсекеге қатысуы, соның ішінде осындай қатысуға байланысты кез келген шығын;
c. жүлдені соңынан біреуге табыс ету немесе айырбастау; және (немесе)
d. Бәсекенің заң жүзінде күшінің жойылуы немесе тоқтатылуы немесе Бәсеке өткізілген мерзім ішінде кез келген қателерді немесе олқылықтарды түзету.
26. ЕгерПромоутер Егер Промоутер қандай да бір себептен, соның ішінде материалдардың болмауына, бүлікке, ереуілге, жүлденің жолда кез келген тәсілмен құрып кетуіне, кез келген азаматтық наразылыққа немесе тәртіпсіздіктерге, соғыс қатеріне, үкімет органдары қабылдаған кез келген әрекетке байланысты осы Бәсекенің Шарттары бойынша өзінің қандай да бір міндеттемелерін орындауды кешіктірсе немесе орындай алмаса, ол міндетті не жауапты болмайды
27. Ешқандай жағдайда Промоутер Рефералдық бағдарлама барысында Қатысушының кез келген заңсыз әрекетіне, олқылығына, салдыр-салақтығына немесе шартты орындамауына байланысты немесе Қатысушының Бағдарламаға қатысуының салдарынан туындаған кез келген кінарат-талаптар, айыппұлдар, ысырап, нұқсан, шығындар үшін жауапкершілік көтермейді.
28. Қатысушы Промоутерді, оның директорларын, лауазымды тұлғаларын, жұмыскерін, өкілдерін, жарнамалық агенттіктерін, ақыл-кеңесшілерін тағайындалған өкілдерін, жабдықтаушыларын үлестес түлғаларын және (немесе) еншілес компанияларын Қатысушының заңды, ережелерді, стандарттар, кодекстерді бұзуынан немесе соған байланысты туындайтын барлық кінарат-талаптардан, ысыраптан, нұқсаннан, міндеттемелерден және шығындардан (соның ішінде айыппұлдардан) босатады, қорғайды және зиян келтірмейтіндей етеді.
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
29. Осы жарнамалық бәсекеге қатысу арқылы қатысушы төмендегіге келіседі:
a. Қатысушы өзінің толық аты-жөні мен байланыс деректерін, соның ішінде қолданыстағы телефон нөмірін беруге дайын;
b. Қатысушы өзінің дербес ақпаратының Құпиялық саясатына сәйкес өңделуіне келіседі https://indrive.com/mobile/page/privacyPolicy/ru/kz;
c. Қатысушы Промоутерден маркетингтік материалдарды алуға келіседі;
d. Қатысушы inDrive компаниясына және жарнамалық конкурсқа өзінің енгізілген деректерінің (оған оның фотосуреті немесе бейнежазбасы кіреді) жарнамалық бәсекеге және inDrive компаниясының әлеуметтік желілерде өткізетін науқандары сияқты басқа маркетингтік және (немесе) жарнамалық ұсыныстарына қатысты келешектегі маркетингтік хат-хабарда пайдаланылуына рұқсат береді;
e. Қатысушы өзінің аты-жөнін, фотосуреттерін немесе бейнежазбаларын пайдалануға, сондай-ақ өзінің тұратын елі/облысы/қаласы туралы ақпаратты жария етуге келіседі және жеңіп шыққаннан кейін Промоутер жариялайтын жарнамаға қатысты кез келген басқа да ақылға қонымды өтініштер бойынша ынтымақтасады, бірақ қатысушы олай етуден бас тарта алады, ондай жағдайда қатысушының енгізген деректері жарамсыз болады.
30. Бәсекеге қатысатын әр қатысушы Промоутерге немесе Промоутер тағайындаған компанияға өзінің жеке ақпаратын байланыс орнату, Жеңімпаздың атын-жөнін жариялау және (немесе) статистикалық мақсатта ақпаратты өңдеу тәсілі ретінде жинауға, сақтауға және пайдалануға уәкілеттік береді. Жиналған дербес ақпаратты Бәсеке аяқталғаннан кейін Промоутер заңмен рұқсат етілген уақыт ішінде және заңмен рұқсат етілген көлемде (бүкіл бәсеке барысында) сақтайды. Конкурсқа құқылы қатысушылар біздің электрондық хаттардағы және SMS хабарларындағы жазылудан бас тарту функциясын шерту арқылы кез келген уақытта келешек хат-хабарлардан бас тарта алады.
САЛЫҚТАР
31. Жеңімпаз жүлдені алғаннан кейін жүлдеге байланысты кез келген шығындарды, соның ішінде жергілікті, мемлекеттік және федералдық салықтарды төлеу үшін жеке өзі жауапкершілік көтереді.
БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕР
32. Жүлделерге байланысты тауардың иелерінің/марканың (маркалардың) иелерінің Конкурспен байланысы жоқ және олар Конкурстың демеушілері емес.
33. Шарттар мен талаптар және Конкурсқа байланысты туындайтын кез келген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
34. Біздің қолданбаның Тұтынушыларға қызмет көрсету бөліміне хабарласуға болады.