Басқа шарттар
● Бағдарлама лотерея емес және ол тек inDriver сервисінің әлеуетті мақсатты аудиториясын қамтуды жақсартуға және оған деген ынтаны арттыруға бағытталған.
● Бағдарламаның қатысушылары осы Ережемен, оның барлық өзгертулерімен және толықтыруларымен танысып шығу міндетін алады және ол үшін өзгертулерді indriver.com сайтында өз бетімен қадағалауға тиіс
● Ұйымдастырушы жаңа пайдаланушы-жүргізушілердің барлық сапарларын Бағдарламаның талаптарын орындау тұрғысынан тексереді. Ұйымдастырушы жаңа пайдаланушы-жүргізушілердің нәтижелерін себебін түсіндірместен бір жақты тәртіпте қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.
● Бағдарлама қатысушыларының бағдарламаның ұйымдастырылуына қатысты барлық ықтимал кінарат-талаптары Ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
● Бағдарламаға қатысу оның Қатысушыларының өз аты-жөндерін, фотосуреттері мен басқа да материалдарын Ұйымдастырушының Қатысушыларға қандай да бір ақы төлеместен кез келген жарнамалық және (немесе) ақпараттық мақсаттарда пайдалануы мүмкін екенімен келісетінін білдіреді.
● Бағдарламаға қатысу Бағдарламаға қатысушының осы Ережелерді түгелдей әрі сөзсіз қабылдайтынын, сондай-ақ Қатысушының өзі берген дербес деректерін Ұйымдастырушы өткізетін жарнамалық, маркетингілік және басқа да бағдарламалар мен науқандарға қатысу, сондай-ақ Ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, маркетингілік және (немесе) статистикалық және (немесе) басқа да зерттеулерді жүргізуге, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге, Қатысушыны жаңа көрсетілетін қызметтер, арнайы ұсыныстар мен жарнамалық науқандар, Ұйымдастырушы ұсынатын жеңілдіктер мен бонус жүйелері туралы хабардар етуге, Қатысушымен түрлі байланыс құралдарының, соның ішінде (шектеусіз) Қатысушының электрондық поштасына (e-mail), ұялы телефонына (смс-ақпараттандыру және қоңырау соғу), сондай-ақ push-құлақтандыру, тиісті ақпаратты, соның ішінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» № 508-II Заңының 3-бабыныңмағынасындағы жарнама ұғымына сәйкес келетін ақпаратты тарату арқылы хабардар етуге бағытталған зерттеулерді жүзеге асыруы мақсатында, сондай-ақ Ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінде (Салық кодексі) көзделген міндеттерді орындауы мақсатында өңдеуге Қатысушының келісетінін білдіреді.
● Науқанға қатысуы арқылы Қатысушы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V Заңының талаптарына сәйкес өз еркімен және өзінің мүддесінде әрекет ете отырып, Ұйымдастырушы мен үшінші тұлғаларға (Қазақстан Республикасының дербес деректердің құпиялығы және оларды өңдеу кезінде дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда) Ұйымдастырушы мен оның контрагенттерінің автоматтандыру құралдарын және дерекқорларды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, басқа да бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, сондай-ақ қолмен де, Ұйымдастырушы мен оның контрагенттерінің ішкі желісі арқылы да, сондай-ақ Интернет желісі арқылы да, онсыз да Қатысушының дербес деректерін өңдеуге (жинау, жазу, жүйеге келтіру, жинақтау, сақтау, растау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалануға, таратуға, беруге, табыстауға (соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына табыстауға және шекара арқылы табыстауға), беруге, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға өз келісімін береді. Пайдаланылатын өңдеу тәсілдеріне мыналар кіреді, соның ішінде (шектеусіз): көше/елді мекен атауларының жазылуын автоматты түрде тексеру, деректерді Қатысушымен телефон, пошта байланысы арқылы немесе Интернет желісі арқылы хабарласып нақтылау, берілген талаптар бойынша дерекқорларды сегменттерге бөлу. Осы келісімді Қатысушы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті немесе қалаулы болатын, Қатысушыға қатысы бар кез келген ақпаратқа қатысты Қатысушының дербес деректеріне, соның ішінде мыналарға қатысты кез келген іс-әрекеттің жүзеге асырылуына береді: тегі, аты, әкесінің аты; жынысы; туған жылы, айы, күні (ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда - жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжат нөмірі, берілген күні, берген органның атауы, сондай-ақ тіркеу туралы мәліметтер, ЖСН нөмірі), телефон нөмірлері (жұмыс, үй, ұялы телефон), электрондық пошта мекенжайы және Қатысушы Ұйымдастырушыға берген басқа да мәлімет. Ұйымдастырушының талабы бойынша аталған келісімді Қатысушы жазбаша пішінде береді. Келісім шектелмеген мерзімге беріледі және оны Қатысушының сұрауы бойынша қайтарып алуға болады.
● Енгізілген өзгертулер туралы Бағдарлама Қатысушыларына қосымша хабарламай, осы Ережелердің жаңа оқылымын indriver.com сайтында жариялау арқылы Ережелерге өзгерту енгізуге Ұйымдастырушының құқығы бар.
● Ұйымдастырушы осы Ережелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға Қатысушылармен жазбаша келіссөз жүргізбеу немесе басқаша түрде хабарласпау құқығын өзінде қалдырады.